Профи-бокс
5 шілде 2022 18:37

Ресейлік боксшы чемпиондық жекпе-жек үшін азаматтығын ауыстырмақ

©fightnews.info

Ең жеңіл салмақта WBA белбеуіне үміткер ресейлік боксшы Батыр Ахмедов (9-1, 8 КО) чемпиондық жекпе-жек үшін уақытша азаматтығын ауыстырмақшы, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Инсайдерлердің ақпараты бойынша, Ахмедов бос тұрған WBA белбеуін үшін доминикандық Альберто Пуэльоға (20-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекке Өзбекстан атынан шықпақшы. Негізі ол осы Өзбекстанда дүниеге келген. Бірақ кейін Крымға көшіп кетіп, әуесқойлар арасында Украинаның атынан, кейін 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Түркияның атынан қатысты. 

Ал кәсіпқой бокста Ахмедов Ресей атынан өнер көрсетіп жүрген. 2019 жылы ол WBA World белбеуі үшін америкалық Марио Барриоспен кездесіп, жеңіліп қалған. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ жерінде кездесулерінде ресейлік Артур Бетербиев (18-0, 18 КО) Канаданың атынан шықса, Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) Қырғызстанның атынан шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport