auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Промоутерлік компания Иван Дычкомен келісімшарт жасасқанын ресми мәлімдеді

Промоутерлік компания Иван Дычкомен келісімшарт жасасқанын ресми мәлімдеді
© Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Иван Дычко The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен ресми келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы әуесқой боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиадалардың қола жүлдегері. Әлем чемпионатында екі рет күміске және бір рет қолаға қол жеткізген. Азия ойындарының финалисті, Азия чемпионы болған.


Биыл ақпанда Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге аустарлиялық промоутер Майк Алтамурмен келісімшартқа отырып, кәсіпқой боксқа өтпек болған. Алайда келісімшарт компания кінәсінен тоқталыған еді.

The Heavyweight Factory (Ауыр салмақ фабрикасы) АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Компанияның Facebook желісіндегі парақшасында орналастырылған ақпаратқа қарағанда, бұл ұйым 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ресми сайттың "бос орындар" бөлімінде ауыр салмақтағы боксшыларды қажет екені жазылған. Үміткерлер 18 бен 26 жас аралығында, салмақтары 200 фунт және одан жоғары болу керек. Бұрынғы спортшылар - бейсболшылар, баскетболшылар және америкалық футболдың бұрынғы ойыншыларының өтініші де қабылданады екен. Үміткерлерге бокстан әлем чемпионы атануға көмек көрсетілетіні айтылған.

The Heavyweight Factory компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасы компания промоутері және басшысы Крис Лоуренстің жеке парақшасы ретінде де қолданылады - мәселен, онда Лоуренстің балаларының суреттері жарияланып тұрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама