Энтони Джошуаның жекпе-жектерін ұйымдастыратын танымал промоутер Эдди Хирн британдық боксшы мен украиналық Александр Усик арасындағы екінші кездесудің қашан және қайда өтенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, Джошуа мен Усик арасындағы бірінші кездесу украиналық боксшының пайдасына аяқталды. Бұл айқаста Александр ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO белбеулерін жеңіп алды.
"Екінші жекпе-жек наурыз айында болады деп ойлаймын. Бұл әлем назарын аударатын оқиға. Сондықтан айқасты өткізетін жерлердің де тізімі көп. Дегенмен менің ойымша кездесу қайтадан Ұлыбританияда өтеді.
Усиктің командасы Джошуамен өтетін реванштан көп ақша жасап қалғысы келеді. Олар тіпті қайта жеңіске жетеміз деп отыр. Энтониді де реванштан басқа кездесу қызықтырмайды. Ол көп күткісі келмейді. Қазір қайта жаттығуға кірісіп кетті. Енді Уисктің жауабын күтіп отыр", - деп келтіреді промоутердің сөзін BoxingScene порталы.