Промоутер Усик пен Джошуа арасындағы айқастың нақты қашан өтетінін айтты

©DAZN

Аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері 35 жастағы уркаиналық боксшы Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы екінші кездесу 2022 жылдың тамызында өтеді. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн айтты. 

"Біз халықаралық жарнамалық тур өткізу керекпіз. Сонымен қатар, телетрансляция және халықаралық келісімшарттарды жасаймыз. Бұл кездесу тамызда болады. Екі уақыт бар. Біріншісі 13 тамыз, екіншісі 20 тамыз. Соңғы күндері бірнеше келісімшарт жасадық. Жуырда жекпе-жек туралы ресми хабарлаймыз. Жарнамалық тур шамамен 20 шілде басталады. Кездесу болады. Айқас Таяу Шығыс елінде өтеді. Барлығы дайын", - деп келтіреді Хирннің сөзін DAZN.

Еске салайық, Усик пен Джошуа арасындағы бірінші кездесу The Ring журналының нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік кездесуі атанды. 

Жекпе-жек 12 раунд болды. Оның қорытындысы бойынша, 116-112, 117-114, 115-113 есебімен Усик жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар