Промоутер "Канелоның" кімнен қорқатынын айтты

©twitter.com/MatchroomBoxing

Сауль Альварестің (58-2-2, 39 КО) бұрынғы промоутері, Golden Boy басшысы Оскар Де Ла Хойя "Канело" суперорта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) кездесу өткізуге ешқашан келіспейтінін айтты. Себебі америкалық боксшы Альварс үшін тым қауіпті қарсылас. 

"Канело" Бенавидеспен ешқашан кездеспейді. Өйткені ол жас әрі талантты. Альварес одан қорқады", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, Альварес қазіргі уақытта екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы. Ол соңғы кездесуін өткен айда өткізіп, төрешілер шешімі бойынша Геннадий Головкиннен айласын асырды. 

Бенавидес болса кейінгі жекпе-жегін мамыр айында өткізіп, канадалық Давид Лемьені жеңді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар