Промоутер "Канелоның" қарсыласы болуы мүмкін деген екі боксшының есімін атады

Сурет: fightnews.info

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн биыл екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс пен осы салмақта WBA Super және WBC белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альварес арасындағы айқасты ұйымдастыруға ниетті екенін мәлімдеді. 

"Біз қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мен Сондерс пен "Канело" арасындағы кездесуді ұйымдастыруға ниеттеніп жатырмын. Альварес Авни Йылдырым мен Калеб Планттан ұсыныс алды. Бұл кездесуді FOX арнасы көрсетуге дайын. Біз "Канелоның" Йылдырыммен кездескеніп қалап отырмыз. Содан соң ол Сондерспен жұдырықтасады. 

Бұл биыл болатын ең үлкен бокс кештерінің бірі болады. Егер Билли Саульмен шықпайтын болса, онда Деметриус Андрадемен кездеседі", - деді Хирн. 

Еске салайық, Эдди Хирн қазіргі уақытта орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен де жұмыс істейді. Өз сұқбаттарында бірінші Хирн Головкиннің де "Канелоға" қарсы шығуы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Бірақ қазіргі уақытта менеджер Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатыр. 








 

Метки:
Жаңалықтар