Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн биыл екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс пен осы салмақта WBA Super және WBC белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альварес арасындағы айқасты ұйымдастыруға ниетті екенін мәлімдеді.
"Біз қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мен Сондерс пен "Канело" арасындағы кездесуді ұйымдастыруға ниеттеніп жатырмын. Альварес Авни Йылдырым мен Калеб Планттан ұсыныс алды. Бұл кездесуді FOX арнасы көрсетуге дайын. Біз "Канелоның" Йылдырыммен кездескеніп қалап отырмыз. Содан соң ол Сондерспен жұдырықтасады.