auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Промоутер Қанат Исламның алдағы жоспарлары туралы айтып берді

Промоутер Қанат Исламның алдағы жоспарлары туралы айтып берді
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Исламның (24-0, 19 КО) промоутері Нельсон Лепос боксшының келесі кездесуін қашан өткізетіндігін және әлемнің бұрынғы чемпиондары Мигель Котто (40-5, 33 КО) мен Джеймс Кирклендке (32-2, 28 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікірін білдірді. 

"Қанат Ислам келесі кездесуін шілде айында өткізеді. Қарсылас әлі анықталған жоқ. Келесі кездесу Флоридада өтуі мүмкін. Бұл бокс кешінде Киркленде те өнер көрсетуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл бокс кешінде екеуі де (Ислам мен Киркленд) жеңіске жететін болса, олар 9 қыркүйек күні Астанада кездесулері ықтимал", - дейді Лопес ESPN арнасына берген сұқбатында. 

Промоутердің айтуынша, егер Қанат Ислам алдағы бұл екі кездесуінде де жеңіске жететін болса, онда Коттамен кездесуге жол ашылады. Пуэрторикалық боксшы өзінің келесі кездесуін 26 тамыз күні Лос-Анджелесте жапониялық боксшы Йосихиро Камегаиға (27-3-2, 24 КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі сарапқал салынады. 

"Егер бұл кездесуде Котто жеңіске жетпейтін болса, біз үшін қатты маңызды емес: біз кез-келген чемпионмен кездесуге дайынбыз", - дейді Лопес. 

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO и WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесу ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Бұл жеңісінен кейін Ислам BoxRec порталының рейтингінде бірінші орта салмақтағы боксшылардың арасында 27 сатыға жоғарылап, 26 орынға жайғасты.

Қанат Исламның соңғы кездесуінен кейін қазақстандық боксшы мен Кирклендтің командасы жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтуі ықтимал. Америкалық боксшы бұл кездесу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін де айтты.

Айта кетейік, 33 жастағы Киркленд өзінің соңғы кездесуін 2015 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Жалпы ол кәсіпқой боксшы 34 кездесу өткізіп, оның 32 жеңіске жеткен.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама