"Бұл тек Головкиннің проблеммасы емес. Көптеген үздік боксшылардың проблеммасы. Олардың барлығы биыл тек бір ғана кездесу өткізетінін түсініп отыр. Сондықтан олар жергілікті билік қашан үлкен бокс кештерін жанкүйерлермен өткізуге рұқсат беретін күтуде. Мықты боксшыларға билеттен түскен ақша өте маңызды екенін ұмытпаңыздар. Бұл арқылы боксшылардың да сыйақылары көбейеді", - деп келтіреді Хирннің сөзін vRINGe.com порталы.
Еске салайық, бокс тұрған IBF және IBO белбеулерін Головкин 2019 жылы Нью-Йорк қаласында Сергей Деревянченко жеңіп, иеленген еді. Дәл осы бокс кешінде Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген.
Әу баста Головкин мен Шеремета арасындағы кездесу ақпан айында өтеді делінген. Кейін айқас наурызға ауыстырылды. Себебі, Головкин жаттығуларының бірінде қолын жарақаттап алды. Отандасымыз емделіп жатқан уақытта пандемия басталып, жекпе-жек жыл соңына шегерілді.