Танымал ресейлік промоутер Владимир Хрюнов орта салмақтағы WBA және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге Ресей жерінде жекпе-жек ұйымдастырып беруге дайын екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Хрюновтың айтуынша, ол "РЕН ТВ" арнасындағы бокс кешінде Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы айқасты ұйымдастыруға дайын екен.
"Головкин қандай шешім қабылдаса да, мен оған қошемет көрсетіп, күтетін боламын. Мысалы, Мәскеуде немесе Қазақстанда соңғы айқасын өткізсе. Головкин бұған лайық. Келесі жылы GGG-дің жекпе-жегін Ресейде өткізу туралы жоспарым бар. Жуырда мен бұл туралы "РЕН ТВ" арнасының басшыларымен сөйлесемін. Қарсылас? Бұл мәселе аса маңызды емес сияқты. Бірақ мен Мартин Мюррей туралы ойладым", - деді Хрюнов "Чемпионат" порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Головкин 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте "Канелодан" төрешілер шешімі бойынша жеңілді.