Профи-бокс
4 қазан 2017 10:47
 
Промоутер Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу қашан өтетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Промоутер Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу қашан өтетінін айтты ©: Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуі келер жылы өтетініне сенімді. 

"Менің ойымша, біздің Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға тамаша мүмкіндігіміз бар. Өйткені, бірінші жекпе-жек табысты болды. Головкин Альвареспен екінші рет кездесуге ниетті. Сауль де қарсы болмайды деп сенемін. Біз міндетті түрде жанкүйерлер үшін екінші жекпе-жекті ұйымдастыру керекпіз. Себебі, олар кездесуді асыға күтіп жүр. 

Жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келіссөздер өткен аптада басталды. Мен Эрик Гомеспен ("Канелоның" промоутері) сөйлестім. Біз өз тарапымыздан кездесудің мамыр айында өтуі үшін барлық керек нәрсені жасадық. Алдағы уақытта біз келісімге келіп, жанкүйерлер екінші жекпе-жекті мамыр айында көре алады деп ойлаймын. Егер келіссек екінші кездесу 5 мамыр күні Синко де Майо мейрамында өтуі керек", - дейді Леффлер FightHub TV арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды. 

Жарнама

Живи спортом!