Профи-бокс
17 мамыр 2022 16:35
 

Промоутер Головкин - "Канело" айқасқа қатысты жаңа мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Промоутер Головкин - "Канело" айқасқа қатысты жаңа мәлімдеме жасады ©ringtv.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Промоутердің айтуынша, "Канелода" екі нұсқа бар. Біріншісі қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесу өткізу, екіншісі ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) реванш. 

"Дәл қазір "Канелода" екі нұсқа бар. Ол Головкинмен де, Биволмен де кездескісі келеді. 

Биволмен айқас алдында "Канело" үшін Головкинмен үшінші кездесу оңай болады дегендер бар еді. Егер Альварес Биволды жеңгенде, ол сөзсіз трилогияның фовариті болар еді. Бірақ енді Сауль айқын фоварит емес. GGG үшінші кездесуде жеңіске жете ала ма? Қазір Головкиннің өзіне деген сенімділігі артты. 
 
Біз жуырда "Канело" және Эдди Рейносомен кездесіп, сөйлесеміз. Жеке өз басым Альварес қандай шешім шығарса да, қолдаймын. Головкинмен кездесу маңыздырақ. Ал Биволмен реванш шамалы қауіпті", - деп келтіреді Хирннің сөзін DAZN Boxing Show. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!