Промоутер Фьюри мен Джошуа кездесуі неге болмай қалғанын айтты

©instagram.com/tysonfury

Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюридің промоутері Фрэнк Уоррен не үшін Энтони Джошуамен жекпе-жектің өтпей қалғанын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Біз олардан келісімшарт алдық. Бірақ бізге ұнамайтын тұстарын белгілеп, оны қайтарып жібердік. Содан соң келісімшарт қайта келмеді. 6 қазан күні Джошуаның промоутері ресми ақпарат таратып қойды. 

Энтонидің демеушілерімен қиындық болды. Себебі олар шоудың басты ұйымдастырушылары болмады. Джошуа Усикпен кездескенде "Б" тарапында болды. Бұған қарамастан біз оның Тайсонмен кездесуін ұйымдастырамыз деп ойладым. Алайда Джошуа ашуланып, жекпе-жектен қаша берді", - деді Уоррен. 

Еске салайық, Тайсон Фьюри енді Джошуаның орнына Дерек Чисорамен кездеседі. Бұл айқас 3 желтоқсан күні Кардифф қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар