Промоутер Альварес пен Головкинді сынаушыларға қатаң жауап қайтарды

©twitter.com/Canelo

Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші кездесуді сынға алған жанкүйерлерге жауап берді, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Кейбір жанкүйерлер "Канело" Хирннің ұсынысын емес, РВС компаниясын басқаратын Элл Хэймонның ұсынысын қабыл алып, Головкин емес америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) немесе Давид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) кездесу өткізген дұрыс болады деген пікір айтты. Оған промоутер жауап берді. 

"Біз негізі Головкин мен Чарло арасындағы кездесуді көргіміз келді. Бірақ, ұйымдастыра алмадық. Себебі Чарлоның да, Бенавидестің де осыған дейінгі қарсыластары түкке тұрмайды. Екеуі де танымал емес боксшылармен жұдырықтасты. "Канелоны" сынға алған жанкүйерлер, неге Бенавидестің рекордын қарамайсыздар? 

Бенавидес өз рекордына көңілі тола ма, жоқ па білмеймін. Дегенмен оның осыған дейінгі қарсыластары шынымен әлсіз болды. Мен оған сенімдімін. Чарло да мықтылармен кездескісі келетіндей. Неге Бенавидес Калеб Плантпен кездеспейді? Неге Чарло Плантпен кездесуге келісім бермейді? Мен бұл сұрақтарға жауап бере алмаймын. Себебі бұл боксшылармен мен жұмыс істемеймін. Екеуі де мықтылардан қашып жүр. 

Чарло қазіргі уақытта орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Ол 15 айдан бері жекпе-жекке шықпады. Бенавидес супер орта салмақта WBC белбеуінің бұрынғы иегері. Неге олар мықтылардан қашанды?", - деді Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар