Промоутер Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жектің өтетініне сенімді
WBO нұсқсы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) істерін жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гомес мексикалық боксшының келесі қарсыласы ретінде неліктен кіші Хулио Сезара Чавесті таңдағандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін боксшылар жекпе-жек туралы 6 мамырда келісімге келгені белгілі болған. Кездесу 164,5 фунт салмағында өтеді және HBO арнасында PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі.
"Чавес ірілеу, оңқай және ол қашып жүретін боксшылардың қатарынан емес. Мен бұл жекпе-жек Альвареске Головкинмен жұдырықтасар алдында жасы дайындық болады деп ойлаймын. Оның стилі Головкиндікіне ұқсамайды, GGG мықты боксшы, дегенмен, Чавес одан ірі және соққысы "бомба" жойқын", - деді Гомес ESPN басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар промоутер осы жылдың қыркүйегінде Головкинмен Альварес арасындағы жекпе-жек өтеріне 95 пайыз сенімді. Ол үшін қос боксшыға да алдағы жекпе-жектерін ұту ғана қалады.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы 18 наурызда WBA чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы атағын қорғайды.
Жарнама