Профи-бокс
1 қаңтар 2022 16:13
 

Пакьяоны нокдаунға түсірген қазақ кәсіпқой рингке оралуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Пакьяоны нокдаунға түсірген қазақ кәсіпқой рингке оралуы мүмкін ©vk.com

Қазақстандық боксшы Серікжан Ешмағамбетов кәсіпқой боксқа оралуға қарсы емес екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Серікжан Ешмағамбетов кәсіпқой боксқа оралуға қарсы емес екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Жақсы ганорар болса мен рингке оралуға келісем. Алайда қазір қиын, пандемия өз жоспарын айқындап тұр. Бұндай кезде бір қолайлы сәтті күткен дұрыс деп санаймын. Індет келмей тұрғанда ардагерлер арасында жұдырықтасып тұрдым. Құр әншейін жеңіп қайтқан қызық емес. "Сен жұлдызсың!" деген сөзге тойып қайтып шаршадым", - деді Ешмағамбетов. 

Серікжан Ешмағамбетов еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары кәсіпқой бокста өнер көрсетуге бел буған қазақстандық боксшылардың бірі. 37 жасына дейін жұдырықтасқан отандасымыз соңғы кездесуін 2008 жылдың желтоқсан айында өткізген. Кәсіпқой бокста 37 кездесуге қатысып, 24 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең түскен. 13 кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңген. Сонымен қатар, мансап жолында ПАБА (Пан-Азия бокс қауымдастығы) чемпионы атанған.

Серікжан Ешмағамбетов пен Мэнни Пакьяо 2003 жылдың наурыз айында жұдырықтасқан. Қазақстандық боксшы бүгінде әлем таныған филиппиндік боксшының кәсіпқой рингтегі жетінші қарсыласы болған екен. Филиппин астанасы Маниланың көне аудандарының бірі Интрамуроста өткен жекпе-жек бес раундқа дейін созылып, Мэннидің мерейі үстем болған.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!