Жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мэйвезермен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты.
Еске салайық, келесі кездесуін Мэнни шілденің 2-і, Аустралияда жергілікті боксшы Джефф Хорнға қарсы өткізеді.
"Мэйвезермен қарымта-матч өткізгім келеді. Жарақатымнан толық емделдім. Әзірге мен бокстан ешқайда кеткен жоқпын, яғни бұл жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз. Бірінші кездесуде мен жеңілген жоқпын", - деді Пакьяо AFL Footy Show порталына берген сұқбатында.
Бұл екі боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек 2015 жылдың 2 мамырында Лас-Вегастағы MGM Grand өтті. WBA super, WBC, WBO белбеулері ортаға салынған кездесуде төрешілердің шешімі бойынша америкалық боксшы жеңіске жеткен еді.
Жарнама