Пакьяо мен Спенс кездесуі өтпейтін болды. Филиппиндік боксшыға басқа қарсылас табылды

©fightnews.info

Жартылай орта салмақта WBC және IBF белбеулерінің иегері америкалық Эррол Спенс пен сегіз салмақ бойынша әлемнің чемпионы болған филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер өзінің твиттер-парақшасында жазды. 

Жекпе-жектің өтпей қалуына Спенстің жарақаты себеп болған. Америкалық боксшы көзінен жарақат алып қалған. Дереккөздің ақпараты бойынша, енді Пакьяоның қарсыласы WBC белбеуіне үміткер Йорденис Угас болады. 

Пакьяо мен Спенс арасынағы кездесу 2021 жылдың 21 тамызында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында "Ти-Мобайл Аренада" өтуі керек еді. Бұл 42 жастады Мэннидің 2019 жылдан бергі бірінші кездесуі болуы керек еді. Соңғы рет ол Кит Турманға қарсы шығып, ұпай бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Ал Спенс болса соңғы рет 2020 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығып, әлемнің бұрынғы чемпионы Дэнни Гарсияны төрешілердің шығарған шешімі бойынша жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар