Пакьяо мен Хорн арасындағы екінші кездесу өтпей қалуы мүмкін
Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) мен австралиялық Джефф Хорн (17-0-1, 11 КО) арасындағы екінші кездесу өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы австралиялық боксшының промоутері Дин Лонерган Fightnews.com порталына берген сұхбатында айтты.
«Соңғы кездері мені Пакьяоның айтып жүрген сөздері алаңдатып жүр. Егер алдағы уақытта ол тағы бірдеме ойлап табатын болса, біз реваншты ұйымдастырудан бас тартамыз. Негізі, біз Мэннимен екінші кездесуді өткізуге келісіп қойған едік. Жекпе-жек 12 қараша күні Брисбенде (Австралия) өтуі керек болатын. Біз бұл кешті ұйымдастыруға кірісіп кеткен болатынбыз. Бірақ Боб Арум (Пакьяоның промоутері — ред) Пакьяоның филиппиндік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатын көріп қалыпты. Онда ол жекпе-жек Филиппинде өтеді деп айтқан. Содан соң Арум онымен сөйлесіп, 26 тамызға дейін нақты жауап беруін сұрады. Бірақ Мэнниден еш жауап жоқ. Сол себепті де, жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта біз Пакьяоның орнын басатын боксшы іздестіріп жатырмыз», — дейді Лонерган.
Еске салайық, Мэнни Пакьяо мен Джефф Хорн арасындағы бірінші кездесу 2 шілде күні өткен еді. Ол кездесуде 12 раундтың қорытындысы бойынша Хорн төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, WBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Жарнама