Жартылай орта салмақта WBA белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо WBC және IBF белбеулерінің иегері америкалық Эррол Спенспен кездесу өткізуге ниетті,- деп хабарлайды fightnews.info порталы.
Филиппиндік боксшы америкалықтың Дэнни Гарсияға қарсы өткізген жекпе-жегіне қатты көңілі толған екен. Енді ол келесі қарсылас ретінде осы Спенсті қарастырып жатыр.
Пакьяо мен Спенс арасындағы кездесу 2021 жылы өтуі мүмкін.
Айта кетейік, дәл осы жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді. Отандасымыз жуырда бұл салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.
Профи-бокс
7 желтоқсан 2020 21:31
Пакьяо Елеусіновтің салмағындағы әлем чемпионымен кездесу өткізуі мүмкін
Мэнни Пакьяо. Сурет: maxboxing.com