Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы "Канело" - Бивол андеркартында қарсыласын нокаутқа түсірді

©sports.uz

Өзбекстан намысын  қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдірайымов Лас-Вегаста өтіп жатқан бокс кешінің андеркартында қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әбдірайымаовтың қарсыласы кәсіпқой бокста жеңілмеген кубалық боксшы Мануэль Корреа болды. Екінші жеңіл салмақтағы бұл айқас сегіз раундқа жоспарланған еді. Бірақ екінші раундта аяқталды. 

Өзбек боксшысы қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Содан соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Елнұр кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Корреа бірінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты кездесуінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар