Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

©Golden Boy

Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдірайымов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әдбірайымовтың кездесуі Индио (Калифорния штаты, АҚШ) қаласындағы Fantasy Springs Casino спорт кешенінде болды. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін боксшы мексикалық Лионель Мореноға  (11-2-1, 9 КО) қарсы жұдырықтасты. 

Бұл кездесудің бірінші раундында Елнұр қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, ол Солтүстік Америка құрлығының IBF белбеуін жеңіп алды. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты айқасында америкалық Джоуске Гонсалес (13-0-1, 12 КО) эквадорлық Хосе Ангулоны (14-3, 7 КО) нокаутпен жеңді. 



Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар