Профи-бокс
14 желтоқсан 2017 11:08
 
Оскар WBO белбеуін жеңсем, "Канеломен" кездесу ұйымдастырып беретінін айтты - Давид Лемье

  Пікірлер

blog.share

Оскар WBO белбеуін жеңсем, "Канеломен" кездесу ұйымдастырып беретінін айтты - Давид Лемье Давид Лемье мен Оскар Де Ла Хойя. YouTube кадрі

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемье (38-3, 33 КО) SecondsOut порталына берген сұқбатында осы салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондресті (25-0, 12 КО) жеңетін болса, оны қандай жоспарлар күтіп тұрғанын айтып берді. 

Лемье мен Сондрес арасындағы кездесу 16 желтоқсан күні Канаданың Лаваль қаласында Place Bell спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жекті НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Лемьенің айтуынша, Сондрест жеңсе, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесу өткізуге мүмкіндік береді екен. 

Айта кетейік, Лемье мен "Канело" Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының боксшылары. Ал олардың жекпе-жектерін алты салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Оскар Де Ла Хойя ұйымдастырады. 

"Канело" Головкинмен екінші рет кездесерге дейін, мен онымен жекпе-жек өткіземін деп үміттенемін. Бірақ мен олардың екеуімен де кездескім келеді. Оскар маған Сондерсті жеңіп, WBO белбеуін жеңетін болсам, "Канеломен" кездесуді ұйымдастырып беретінін айтты. 

Ринг - менің үйім. Қай жерде жұдырықтасатыным маңызды емес. Сондресті жеңіп, үйіме WBO белбеуін алып қайтамын. Ол өте көп сөйлей береді. Осы аптада біржолата оның аузын жабамын. Енді ауызбен емес, іспен дәлелдейтін кез-келді. Алдағы сенбі күні сіздерді керемет кездесу күтіп тұр", - дейді Лемье. 

Еске салайық, 2015 жылы Лемье Головкинмен кездесіп, IBF белбеуінен айырылып қалған еді. 

Жарнама

Живи спортом!