auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Оскар Де Ла Хойяның туысқаны Головкин - "Канело" арасындағы бокс кешінде жұдырықтасуы ықтимал

Оскар Де Ла Хойяның туысқаны Головкин - "Канело" арасындағы бокс кешінде жұдырықтасуы ықтимал
© ESPN
Мексикалық Диего Де Ла Хойя орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы бокс кештің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы RadioFormula.mx хабарлайды. 

Де Ла Хойя өзінің соңғы кездесуін 1 маусым күні Аргентинаның Сан-Луис қаласында өткізіп, төрешілердің бір ауыз шешімімен жергілікті боксшы Алан Кастильдан (21-7, 9 КО) үстем түсті. Сөйтіп ол екінші жеңіл салмақтағы WBC белбеуін үшінші рет қорғап қалды. Төртінші рет ол белбеуін 16 қыркүйек күні қорғауы мүмкін. 

Диего Де Ла Хойя 44 жастағы бұрынғы боксшы, қазіргі уақытта "Канелоның" жұмыстарымен айналысатын Golden Boy промоутерлік компаниясының иегері Оскар Де Ла Хойяның 39-6, 33 КО) немере інісі. 

Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен "Канелоның" бокс кешінде ең жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің иегері Лукас Матиссе (38-4, 35 КО) мен отандасымыздың бұрынғы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс (32-2,29 КО) пен канадалық Давид Лемье (38-3, 33 КО) жұдырықтасуға ниет білдірген. 

Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама