Кәсіпқой бокс
14 қараша 2017 11:16
 
Оскар Де Ла Хойя Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды

  Пікірлер

blog.share

Оскар Де Ла Хойя Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды © Eurosport

Алты салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы, бүгінде Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя шаршы алаңға қайтып келуге дайын екенін жеткізді.

Оның айтуынша, ол өзінің бұрынғы қарсыласы - америкалық Флойд Мейвезер секілді UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізуді қалап отыр.

"МакГрегормен кездесуге дайынмын. Әлі күшім сарқылған жоқ. Мен жылдам әрі күштімін. Екі раундта МакГрегорды құлатуға дайынмын. Мен осы жекпе-жек үшін шаршы алаңға қайтып келемін. Ол ең қатыгез ирландиялық, ол король.

Ашығын айтайық, октагонда ол мені жеп қояды. Оныңмен шаршы алаңда жұдырықтасқым келеді. Мен соңғы бес айды жаттығу жасап келемін", - деп жазады Boxingnews24 Де Ла Хойяның сөзін.

Сонымен қатар, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу туралы ол боксқа жасалған құрметсіздік деп айтқан еді. 26 тамызда ирландиялық оныншы раунда техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Соңғы рет 44 жастағы Де Ла Хойя 2008 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шыққан болатын. Ол Мэнни Пакьяомен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді. Кәсіпқой бокста Оскар 45 жекпе-жек өткізіп, 39-ында жеңіске жетті. Алты рет жеңілді. 2007 жылы төрешілер шешімімен Мейвезерден жеңілді.

Жарнама

Живи спортом!