vSAJjBHNc1lVPUL3oOJi1wdXcR4xTNQOwWyBKgzr
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Оңдырмады". Пакьяо "Канелоның" қарсыласын нокаутқа түсірген

"Оңдырмады". Пакьяо "Канелоның" қарсыласын нокаутқа түсірген
Мэнни Пакьяо. Сурет: Rappler©
Жартылай орта салмақта WBA белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо өзінің спаррингтерінің бірінде бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Амир Ханды нокаутқа түсірді. Бұл туралы филиппиндік боксшының спарринг қарсыластарының бірі Дин Бирн айтып берді. 

Осыдан шамамен он жыл бұрын орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Бирн Лос-Анджелес қаласында орналасқан даңқты бапкер Фредди Роучтің Wild Card Boxing Club жаттығу залында дайындалған. Роуч бұл боксшыны Пакьяоның маңызды кездесулерінің алдында спарринг қарсылас ретінде таңдап отырған. 

Нақтырақ айтатын болса, Бирн филиппиндік боксшының Хуан Мануэль Маркеске қарсы өткізген үш кездесуінде, Оскар Де Ла Хойяға қарсы кездесуге дайындық барысында бірге жаттыққан. 

Бирннің Wild Card залында жүрген кезінде Роуч британдық боксшы Амир Ханды да жаттықтырған. Ол кезде Хан Брейдис Прескоттан жеңілген кезі болатын. 

Роуч Пакьяо мен Ханның кездесулері бір уақытта өтетін кездері екі боксшыны жиі спаррингке қоятын. Бұған Роучтің сұқбаттары да дәлел. Ол өз сұқбаттарының көбісінде Мэннидің Ханды талай мәрте ұрғанын айтқан. Тіп бір спарринг кезінде нокаутқа да түсіріпті. 

Бирн бұл спарринг кезінде болмағанын айтады. Бірақ дәл сол күні залда болған боксшылардан оған Пакьяоның Амирді нокаутқа жібргенін естіген. 

"Мен бұл нокаутты өзім көргенім жоқ. Бірақ залдағы жігіттердің барлығы Пакьяоның Ханды оңдырмай нокаутқа жібергенін айтты. Тіпті Хан есін жия алмай қалған екен. 

Ханның жағы әлсіз. Ол мықты боксшы. Соққыларының жылдамдығы да керемет. Бірақ оның жағы ... Өте әлсіз. Роуч Ханға талай мәрте дистанция сақтап жұдырықтас деп айтатын. Бірақ ол үнемі қарсыласына жақын жүретін" , деп келтіреді бұл жағдайды Sky Sports. 

Айта кетейік, 2016 жылы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алтыншы раундта Амир Ханды нокаутқа түсірген болатын. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар