"Он күн ғана қалды". Нұрсұлтановтың WBO белбеуі үшін айқас өте ме?

©instagram.com/meiirim01

Жуырда қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов  (15-0, 8 КО) орта салмақта WBO International белбеуі үшін жұдырықтасуы керек. Бірақ оның айқасы өтпей қалуы мүмкін. Толығырақ Vesti.kz тілшісі дайындаған материалда. 

Нұрсұлтановтың карьерасындағы ең маңызды айқастардың бірі 22 қаңтар күні өтуі керек еді. Шет елде болса еш күмәнданбайтын едік. Бірақ жекпе-жек Ақтау қаласына белгіленген. Сондықтан айқас өтпей қалуы мүмкін. Себебі қазір Қазақстанда ТЖ енгізілген. 

Төтенше жағдай кезінде барлық спорт шараларының өтуіне тиым салынған. Боксшының командасы да бұл туралы ешқандай ресми ақпар таратпады. Ұйымдастырушылар да бұл мәселеге қатысты әлі ештеңе айтпады. Дейтұрғанмен allboxing.ru  ақпараты бойынша, айқас өтеді. 

Нұрсұлтанов Ақтауда ресейлік Андрей Сироткинмен жолығу керек болатын. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Орайы түскенде айта кетейік, осыған дейін бұл белбеу Қанат Исламға тиесілі болды. Бірақ Ислам көп уақыт жұдырықтаспағаннан кейін, ұйым белбеуді алып қойды. 

Еске салайық, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы кездесуін 6 қараша күні Ақтау қаласында өткізді. Он раундтың қорытындысы бойынша ол 33 жастағы беларусь боксшысы Дмитрий Атроховтан (16-12, 7 КО) айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар