Профи-бокс
8 мамыр 2022 11:26

Оливейра UFC турнирінің басты жекпе-жегінде қарсыласын қылқындырып тастады

©UFC

Бразилиялық файтер Чарльз Оливейра (32-8-0-1) америкалық Джастин Гэтжиді (23-3) қылқындыру әдісіне салып, жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл жекпе-жек Финикс (Аризона штаты, АҚШ) қаласында UFC 274 турнирінде өтті. 

Кездесуді Оливейра өз пайдасына аяқтады. Ол бірінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. 

Осылайша, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу бос қалатын болды. Өйткені осы кездесудің алдында Оливейра салмағын дұрыс қуа алмай, чемпиондық атағынан айырылған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport