Профи-бокс
30 қазан 2022 09:42

Олимпиадада Қоңқабаевты жеңген боксшы кәсіпқойдағы қарсыласын нокаутқа түсірді

©Top Rank Boxing

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Ричард Торрез (4-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші айқасында мысырлық Ахмед Хефниді (13-3, 5 КО) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтті. 

Жекпе-жек алдында-ақ Ричард Торрес анық фоварит еді. Оны америкалық шаршы алаңда дәлелдеді. Алдымен Торрес қарсыласы бірінші раундта, кейін екінші раундта нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта кезекті нокдаун тіркелген сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Ричардқа берді. 

Айта кетейік, Торрес Олимпиаданың күміс жүлдегері. Ол Токиода жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаевтан айласын асырған болатын. Алайда финалда өзбекстандық Баходир Жололовтан жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport