Профи-бокс
20 қараша 2021 14:38

Олимпиадада қазақ боксшыны жеңген өзбекстандық кәсіпқойда чемпиондық белбеулерін қорғап қалды

©boxingscene.com

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев (10-0, 7 KO) чилилік Хосе Веласкесті (29-7-2, 19 KO) жеңіп, екінші жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF белбеуін сәтті қорғап қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Манчестер (Нью-Гэмпшир штаты, АҚШ) қаласында өткен кездесу 12 раундқа дейін жалғасып, оның қорытындысы бойынша үш төреші де 119-111 есебімен жеңісті Ахмадалиевке берді. 

Еске салайық, Ахмадалиев 2016 жылы Риода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Бұл ойындар барысында ол 56 келі салмақтың 1/8 финалында Қайрат Ералиевтен үстем түскен еді. 

Бірақ 2017 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, есесін қайтарған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport