Профи-бокс
9 наурыз 2017 19:31
 

Олимпиада жүлдегері Головкинді қолдауға Нью-Йоркте барады

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада жүлдегері Головкинді қолдауға Нью-Йоркте барады Сурет Andrew Couldridge/Action Images©

2004 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Серік Елеуов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Дэниэл Джейкобска қарсы жекпе-жекте жерлесі Геннадий Головкинді қолдау үшін АҚШ-қа аттанатынын айтты.

"Жекпе-жекті көру үшін достарымызбен барғалы жатырмыз. Нақты кімдер екенін айта алмаймын, өйткені әлі кімнің нақты баратынын анықталған жоқ. Қарағандының өзінен төрт адам барғалы жатыр", - дейді Серік Елеуов.

Бұрынғы боксшының айтуынша, олар Нью-Йорк қаласына ертерек, 13-14 наурыз күндері барады. Ал Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

blog.share
2004 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Серік Елеуов Vesti.kz
тілшісіне берген сұхбатында Дэниэл Джейкобска қарсы жекпе-жекте жерлесі Геннадий Головкинді қолдау үшін АҚШ-қа аттанатынын айтты.

"Жекпе-жекті көру үшін достарымызбен барғалы жатырмыз. Нақты кімдер екенін айта алмаймын, өйткені әлі кімнің нақты баратынын анықталған жоқ. Қарағандының өзінен төрт адам барғалы жатыр", - дейді Серік Елеуов.

Бұрынғы боксшының айтуынша, олар Нью-Йорк қаласына ертерек, 13-14 наурыз күндері барады. Ал Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Жарнама

Живи спортом!