Аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Баходир Жалолов қазақстандық Нұрсұлтан Аманжоловтың жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осыдан бірнеше күн бұрын Аманжолов әлеуметтік желісіндегі парақшасында Жалоловпен бірге түскен сурет салған еді. Оның астына жанкүйерлердің бірі - "Ол сені жекпе-жекке шақырып жатыр", - деп жазды. Ал Жалолов болса "Біз ертең болса да кездесуге дайынбыз", - деп жауап берді.
Еске салайық, Жалолов 91 келіден ауыр салмақта Олимпиаданың чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар, ол 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетуде.