AvP3p9fTqcuAIbeUMuxx9LNioFldSDobRZOyIXjY
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр". Журналист қазақстандық боксшылар жайлы

"Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр". Журналист қазақстандық боксшылар жайлы
© Хабар 24
The New York Times газетінің журналисі Кен Белсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-та кәсіпқой бокс нарығында болашақта кімдердің көш бастайтыны жайлы айтты.

"Қазір Қазақстаннан шыққан боксшыларға қарайықшы. Геннадий Головкинмен шектеліп қалмайық. Ол осы жолды жүріп өткен бірінші адам. Талантты спортшыларға жол ашқан адам. Қазақстаннан шыққан басқа да боксшылар жайлы айтар болсақ. Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр. Америкалық көрермен созбақтап жүріп алатын боксшылардан шаршады. Бізге шоу керек. Ол жарқын болса, жақсы сатылады.

"Сіздер бізге "джентельмен" Головкинді, құпиялы Қанат Исламды, енді міне Олимпиада жұлдызы - Данияр Елесіновты бердіңіздер.Егер біз Головкиннен не күтерімізді білетін болсақ, қалғаны біз үшін әлі жұмбақ күйде қалып отыр.Болашақта Қазақстаннан және ТМД-дан шыққан боксшылар АҚШ-тағы бокс нарығында көш бастайтыны анық. Менеджерлердің боксшыларға ұсыныс тастауына қарап көріңіздер!

Ай сайын есімі түсініксіз қазақстандық боксшы мен америкалық промоутермен келісімшарт жасасып жатқанын көріп жүрміз. Мен сияқты қарапайым фанаттар үшін мұндай жаңашылдықтар қызықтырады", - деді Белсон.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста 63 қазақстандық белсенді түрде өнер көрсетіп жүр. Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Әли Ахмедов, Батыр Жүкембаев, Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеев сынды отандастарымыз АҚШ-тың бокс нарығында өзін көрсете білді.

Осы тізімге Олимпиада жүлдегерлері Иван Дычко мен Данияр Елеусіновтер кірді. Әзірге әлем чемпионы атағы тек Головкинде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар