"Ол өзін әлі көрсетеді". Маман қазақстандық боксшыны әлем чемпионымен теңеді

Сурет: Suleimen Promotions©

Fox Sports  порталының шолушысы Раф Барталамео қазақстандық Айдос Ербосынұлын екінші орта салмақтағы әлемнің болашақ жұлдызы болады дейді. Ол Vesti.kz порталына берген сұқбатында боксшымыздың әлсіз тұстарын айтты. 

"Бірінші орта салмақтағы WBA және IBF белбеулерінің басты үміткері туралы көпшілік көп біле бермейді. Ербосынұлы - сабырлы және өте мықты боксшы. Рингте ол керемет бір әрекеттерімен ерекшеленбейді. Бірақ оның әлі толық ашылмағаны көрініп тұр. Оған қазір тәжірибелі бапкер табу керек. Сол кезде әлі талай мықты қырларын көрсете алады. Ал Шведенкомен жекпе-жек оның потенциалын көрсетеді. 

Көптеген адамдар бұл кездесуде ресейлікті мықты санап отыр. Алайда мен басымдықты Ербосынұлына беремін. Ол маған ямайкалық чемпион Николос Уолтерді елестетеді. Ол да кезінде қатты жарқылдап өнер көрсетпеді. Дегенмен әлем чемпионы болды. Мүмкін Ербосынұлы әлем чемпионы атағына шыққан кезде көпшіліктің назарын өзіне аудартатын шығар", - деді Барталамео. 

Айта кетейік, 17-сәуір күні Германияның Карлсруэ қаласында Ербосынұлы мен Евгений Шведенко арасындағы кездесу жоспарланған. Бұл айқаста жеңіске жеткен боксшы америкалық чемпион Калеб Планттың (21-0, 12 KO) қарсыласы атанады. Бірақ жуырда отандасымыз өзінің келесі кездесуін АҚШ жерінде наурызда өткізетінін айтты. 

Қазіргі уақытта Ербосынұлы WBA рейтингінде бірінші, ал IBF рейтингінде екінші орында тұр. 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар