Профи-бокс
8 шілде 2021 18:14
 
"Ол чемпион болатын боксшылардың қатарынан" - маман Құлахметтің келесі кездесуі туралы

  Пікірлер

blog.share

"Ол чемпион болатын боксшылардың қатарынан" - маман Құлахметтің келесі кездесуі туралы Сурет: MTK Global©

Boxingscene.com порталының редакторы Эллиот Фостер Vesti.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) қарсыласы ауысуына қатысты ойын айтты. Сондай-ақ, ол әңгіме барысында отандасымыздың болашағы туралы ой бөлісті. 

Тұрсынбай Құлахметтің келесі кездесуі 10 шілдеде Алматыда өтеді. Бұл айқаста қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC International белбеуін қорғайды. 

"Спортта жарақат жиі болып тұрады. Жарақаттан ешкім қашып құтыла алмайды. Құлахмет мықты қарсыласпен шықпайтыны өкінішті. Ондай боксшыларды алмастыру да қиын. Мықты боксшылар кездесуге аз уақыт қалғанда жекпе-жекке келіспейтіні белгілі. Мұндай кезде қарсыласқа қарамай айқас өткізу маңызды. Құлахметтің жекпе-жегі өтеді. Мұның өзі боксшы үшін аз да болса сабақ болады. Жақсы кездесу өткізеді деп үміттенемін. Тұрсынбайдың болашағы жарқын. Ол чемпион болатын боксшылардың қатарынан", - деді маман. 

Айта кетейік, Құлахметтің келесі қарсыласы ресейлік Алексей Евченко (19-4, 8 КО) болады. Әу баста отандасымыз украиналық Станислав Скороходқа (20-2, 17 КО) қарсы шығуы керек еді. Бірақ ол жарақат алып қалды. 

Жарнама

Живи спортом!