Профи-бокс
29 сәуір 2021 17:20
 

"Ол аңыз боксшының ұлы". Маман Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты

  Пікірлер

blog.share

"Ол аңыз боксшының ұлы". Маман Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты Сурет: The Sun

Британдық боксшы Крис Юбенк (29-2, 22 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) мықты қарсылас бола алмайды. Мұндай пікірді Vesti.kz порталына берген сұқбатында FightSpace жобасының жетекшісі Григорий Стангрит айтты. 

blog.share

Британдық боксшы Крис Юбенк (29-2, 22 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) мықты қарсылас бола алмайды. Мұндай пікірді Vesti.kz порталына берген сұқбатында FightSpace жобасының жетекшісі Григорий Стангрит айтты. 

"Жеке мен үшін, бокс жанкүйері ретінде бұл қызық жекпе-жек болатын еді. Британдық осы уақытқа дейін бокста ауыз толтырып айтатын ештеме істемеді. Бірақ аңыз боксшының ұлы. Сондықтан да бұл кездесуге жанкүйердің назары ауады. Оның үстіне Головкинді Ұлыбритания жанкүйерлері жақсы таниды. Ол Мюррей, Брук секілді жігіттермен Британияда, Еуропада жұдырықтасқан. 

Менің ойымша жанкүйер тарта алатын кездесу болады. Юбенктің мүмкіндігі көп болады деп ойламаймын. Иә, ол ірі денелі, мықты боксшы. Головкинге аздаған қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ жеңе алмайды", - деді Стангрит.

Айта кетейік, жақында Юбенктің өзі мәлімдеме жасап, Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты.

Қазіргі уақытта Юбенк орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері. Ол 1 мамыр күні Манчестер қаласында отандасы Маркус Моррисонмен кездесу өткізеді. 

Ал Головкин болса орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері. 

 

Жарнама

Живи спортом!