Профи-бокс
5 ақпан 2018 14:17
 
Нокаутшы Головкин нокаутқа түседі - Альварестің бапкері

  Пікірлер

blog.share

Нокаутшы Головкин нокаутқа түседі - Альварестің бапкері © twitter.com

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері әрі менеджері Хосе Рейносо орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы басымдылыққа ие болатынын айтты. Оның айтуынша, бірінші кездесуден "Канело" мол тәжірибе алған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі.

Екі жақтың да өкілдері төрешілер шығарған шешімге наразы, әркім өз жеңісіне сенімді. Сол себепті де екінші кездесудің күні де жылдам бекітілді, - деп жазады BoxingScene Чепоның сөзін. - Өткен жекпе-жекте олар бірін-бірін жақсы танып қалды. Бір-бірінің соққыларын қабылдады, стильдерін білді. Альварес Головкиннің соққыларына төтеп берді және қазақстандық боксшыны жеңуге болатынын дәлелдеді". 

Екінші жекпе-жектің қай күні өтетіні белгілі болған күні, Альварес қазақстандықты нокаутқа түсіремін деп уәде берді. Рейносо өз шәкіртінің сөзінде тұратынына сенімді: "Нокаутшыны нокаутпен жеңі - бұл Альварестің бала кезден келе жатқан арманы. Бұл біздің өмір жолымыздағы ең үлкен шара. "Біз" деп айтуымның өз себебі бар - менде осы тарихтың бір бөлігімін, Альварестің боксшы болып қалыптасыуына үлкен септігімді тигіздім. Екінші есімді - "Канело" деген лақап атты мен бердім". 

Жарнама

Живи спортом!