"Нокаутпен жеңетін мүмкіндігі бар". Маман Әлімханұлының әлемнің бұрынғы чемпионымен айқасы жайлы
26 маусым күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында Жәнібек Әлімханұлы 9-0, 5 КО) мен америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) кездеседі. Бұл айқаста қазақстандық боксшы фоварит емес. Бірақ жеңіске жету мүмкіндігі бар. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ITRBoxing.com порталының негізін қалаушы Луки Кеттель айтты. Ол сондай-ақ америкалық боксшының мықты тұстарын да атап өтті.

"Брант пен Әлімханұлы - бір-біріне лайықты қарсылас. Бірақ қай боксшының жеңіске жететінін айту қиын. Бұл биылғы бокс кешіндегі андеркарттағы ең мықты кездесулердің бірі болмақ. Алдағы айқаста америкалық боксшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Өйткені, оның тәжірибесі көп. Дегенмен қазақстандық боксшы да осал емес. Бұған дейін өзін дәлелдеген. Бұл кездесуде Әлімханұлының нокаутпен жеңетін мүмкіндігі бар.
Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Алайда мен 60 та 40 пайызбен басымдықты Брантқа беремін. Иә, ол осыған дейін нокаутқа түскен боксшы. Робстың әлсіз тұсы да осы. Осыны пайдаланса, Әлімханұлы ұтып кетуі мүмкін", - деді маман.
Айта кетейік, бұл кездесу 26 маусым Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани 19-1, 13 КО) жұдырықтасады.
Боб Брант 2018 жылы Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңіп, WBA Regular белбеуін жеңіп алады. Алайда арада бір жыл салып қарымтада ол нокаутқа түсіп қалды. Америкалық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың тамызында шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңді.
Еске салайық, Әлімханұлының да, Бранттың да жекпе-жектерін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
Жарнама