"Нокаутпен". Амир Хан Головкин - "Канело" айқасына болжамын айтты
Ұлыбританиялық танымал боксшы Амир Хан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесуіге болжам жасады, деп жазады Fightnews.info порталы.
Ұлыбританиялық танымал боксшы Амир Хан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесуіге болжам жасады, деп жазады Fightnews.info порталы.
"Дәл қазір "Канело" бабында. Осыны ұмытпау керек. Ол ірі, мықты. Екінші орта дивизионға салмағы келіп тұр. Жылдамдығы да жоғары. Бұл жерде мен Головкинді құрметтемеймін деп тұрғаным жоқ. Ол да өте мықты боксшы. Дегенмен GGG қартайып қалды. Осыны да ұмытпаңыздар. Ол 2004 жылы менімен бірге Олимпиадада өнер көрсетіп, жүлде жеңді.
Менің ойымша, Альварес тың. Мен бұл кездесуде "Канело" нокаутпен жеңіске жетеді деп ойлаймын. Көпшілік мені бокстан хабары жоқ деуі мүмкін. Бірақ, маған бәрібір. Бұл менің ойым", - деді Амир Хан.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді.
Жарнама