Кәсіпқой бокс
5 шілде 2022 16:43

"Нокаут". Бапкер трилогияда "Канелоның" жоспарын ашып айтты

©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің  (57-2-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесуде қазақстандық боксшыны нокаут күтіп тұрғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бапкер алдағы айқаста "Канело" стилін түбегейлі өзгертпейтінін айтты. 

"Біз Головкинді бұған дейінгі кездесулерде де нокаутпен жеңгіміз келген. Бірақ құлата алмадық. Алдағы жекпе-жекке жақсылап дайындаламыз. Сосын нокаутпен жеңеміз. Біз бұған дейін дейінгі екі кездесудегідей жұдырықтасамыз. 

Қорғаныста мықты болып, қарсы шабуылға иек артамыз. Олар бір-бірін өте жақсы біледі. Менің ойымша, алғашқы раундтар қиын болады", - деп келтіреді Рейносоның сөзін fightnews.info порталы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport