Мұхаммед Әлиге баланған боксшы бірінші раундта нокаутпен жеңіліп қалды

©Premier Boxing Champions

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін кубалық боксшы Йоелвис Гомес (5-0, 5 КО) америкалық Клей Колларды (9-6-3, 4 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Ньюарк (Нью-Джерси штаты, АҚШ) қаласындағы Prudential Center спорт кешенінде өтіп, бірінші раундта аяқталды. Алдымен Гомес америкалық боксшыны нокдаунға жіберді. Бірақ "Кассиус Клей" деген аты бар Коллард орнынан көтеріле алды. Дегенмен кубалықтың бірнеше соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтаты. 

Осылайша, Гомес техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар