Кәсіпқой бокс
11 мамыр 2017 13:16
 
MSG, "Уэмбли" және "Ацтека". Головкин мен "Канело" кездесуі қай спорт кешенінде өтуі мүмкін?

  Пікірлер

blog.share

16 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың үздік кездесуі болуы ықтимал. Бұл жекпе-жекті қабылдауға қазір жеті спортық кешені қабылдауға ниетті. Осы орайда Vesti.kz порталы оқырмандарын осы жеті спорт кешенімен таныстыруды жөн көрдім. 

T-Mobile Arena - жабық, көпфунциональды спорт кешені. Невада штатындағы Парадайсе қаласындағы Лас-Вегас-Стрипте орналасқан. Сыйымдылығы - 20 000. 2016 жылдың 6 сәуірінде ресми ашылды. Биылдан бастап бұл спорт кешенінде Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін "Вегас Голден Найтс" клубы өз алаңындағы кездесулерін өткізеді. 7 мамыр күні бұл спорт кешенінде Альварес пен Чавес арасындағы кездесу өтті. Дәл осы жерде Головкин мен "Канелоның" кездесуі туралы ресми хабарланды. 

Madison Square Garden - Нью-Йорктегі атақты спорт кешені. Сондай-ақ MSG және "Гарден" деген аттарымен танымал. Сыйымдылы - 20 789. Бұл спорт кешенінде спорттың бірнеше түрінен сайыстар өтеді. MSG ҰХЛ-дағы "Нью-Йорк Рейнджерс" пен Ұлттық баскетбол қауымдастығында өнер көрсететін "Нью-Йорк Никс" командалары өз алаңындағы кездесулерін өткізеді. "Гарденде" жыл сайын 320-дас аса спорттық шаралар өтеді. Бұл жерде атақты Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон және Рой Джонсон секілді бокс тарихында аты алтын әріппен жазлыған боксшылар жұдырықтасқан. Дәл осы спорт кешенінде Головкин өзінің соңғы кездесуін өткізді. Нақты айтсақ, 18 наурыз күні отандасымыз америкалық Дэниэль Джейкобсқа қасы жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 

AT&T Stadium - стадион АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қалашығында орналасқан. Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін. "Dallas Cowboys" командасының стадионы. Стадион 80 мың жанкүйерді бір сәтті құшағына сыйдыра алады. 2010 жылы 14 және 16 ақпанда Ұлттық баскетбол лигасының барлық жұлдарының қатысуымен "жұлдызды матч" өткен. Ол ойынға 108 713 жанкүйер жиналған. Бұл баскетбол тарихында жанкүйер ең көп жиналған матч болып тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енгісізлді. Өткен жылы аталған стадионда Альварес британдық Лима Смитпен кездесіп, оныншы раундта жеңіске жетіп, орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бұл кездесуде бокс жекпе-жегінде ең көп жанкүйер жиналған кеш болып тіркелді. Альварес - Лиам кездесуін 51 420 мың көрермен тамашалады. 

MGM Grand Las Vegas - Лас-Вегастағы ойын-сауықтыру комлексі. Бұл кешен 1993 жылы 18 желтоқсанда Америкадағы ең үлкен қонақ үй ретінде ашылды. Сол кезде бұл кешенде 6852 бөлме болған. Қазір бұл комплекс көлемі жағынан төртінші орында. Ғимараттың кірер жерінде атақты MGM киностудиясыны атақты арыстаны күтіп алады. Қонақ үйден бөлек бұл жерде казино, көрме, телестудия және түнгі клуб бар. MGM Grand Garden Arena спорт кешені 12 000 жанкүйерге арналған. 2015 жылдың 2 мамырында соңғы он жылдықтың ең үздік жекпе-жегі кіші Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу өтті. 

Staples Center - Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) орналасқан көпфнукционалтды спорт кешені. 1999 жылы ашылған. 20 000 жанкүйерге арналған. Бұл спорт кешенінде "Лос-Анджлес Кингз" (ҰХЛ), "Лос-Анджелес Клипперс" және "Лос-Анджелес Лейкерс" (ҰБҚ) командалары өнер көрсетеді. Жыл сайын бұл спорт кешенінде 250 спорт шарасы өтеді. Бір жылдың ішінде 4 миллион жанкүйер жиналады екен. Аталған спорт кешенінде үш салмақ бойынша әлем чемпионы Шейн Мозгли мен жартылай орта салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Антонио Маргарито арасындағы кездесу өтіп, 20 820 мың жанкүйер жиналды. 

Wembley Stadium - Британияның бас шаһары Лондонда ораналасқан даңқты стадион. 90 мың жанкүйерде бір сәтті құшағына сыйдыра алады. Еуропадағы сыйымдылығы жағынан екінші орында тұр. "Уэмблиде" футболдан Англия құрамасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Стадионның ішінде 2 618 дәретхана бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде бірінші тұрған спорт кешені. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін стадионда арнайы эскалатор жұмыс жасадайы. 29 сәуір күні стадионда аса ауыр салмақтағы украиналық Владимир Кличко мен британдық Энтони Джошуа IBF және WBA белбеулері үшін жекпе-жек өткізіп, британдық боксшы жеңіп алды. Ал кездесуді 90 мың жанкүйер тамашалады. Бұл 2017 жылғы рекордтық көрсеткіш. 

Estadio Azteca - Мексиканың астанасы Мехикода орналасқан әлемдегі таңдаулы стадиондардың бірі. Латын Америкасындағы ең үлкен стадион. Теңіз деңгейінен 2 200 метр биікте орналасқан. 105 000 жанкүйерге арналған. 1966 жылдан бері бұл стадионда футболдан Мексика құрамасы өз кездесулерін өткізеді. 1993 жылдың 20 ақпанында Хулио Сезар Чавеспен Грег Хоген арасындағы бұл стадионға 132 247 жанкүйер жиналған. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес кездесуі Азия жерінде аймағында өтуі мүмкін. "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойяның мәліметі бойынша, жекпе-жекті қабылдауға Дубай да ниет білдіріпті. Біз де сіздерге бұл жекпе-жектің қайда өтуі туралы сауалнама ұсынып отырмыз. Мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруіңізге болады.

Жарнама

Живи спортом!