Мохаммед Әлидің немересі Ербосынұлына қатысты мәлімдеме жасады

©twitter.com/NicoAliX74

Аты аңызға айналған Мохаммед Әлидің немересі, орта салмақта өнер көрсететін Нико Али Уолш (7-0, 5 KO) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) кездесуден кейін комаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ербосынұлы Моррелге қарсы кездесудің 12-раундында нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін оны Хеннепин аймағындағы Медициналық орталыққа алып кетті. 

"Өтініш, мұсылман бауырымыз Айдос Ербосынұлының тез сауығып кетуі үшін көбірек дұға қылыңыздаршы". - деп жазды Уолш Twitter парақшасында. 

Айта кетейік, осыған дейін отандасымызға мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) те қолдау білдірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар