ACg3wvXG8dtOUNIBeuJBxzTLm8FYwoZfmOVno4w1
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мишель Соро Қанат Исламның орнына Джон Верамен кездесетінін растады

Мишель Соро Қанат Исламның орнына Джон Верамен кездесетінін растады
Мишель Соро және Абель Санчес. Сурет: Instagram.com/michelso1
Франциялық боксшы Мишель Соро (31-2-1, 30 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық Қанат Исламның 25-0, 20 КО) орнына Джон Верамен (25-0, 20 КО) кездесетінін растады. Бұл кездесудің қай жеңгені бірінші орта салмақтағы чемпионы кубалық Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы болады. 

Франция бокс федерациясы таратқан мәлімет бойынша, Вера мен Соро арасындағы кездесу 24 наурыз күні Мерсельдегі бокс кешінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы француз боксшысы Арсен Гуламиран (22-0, 14 КО) мен бельгиялық Рияд Мерхи (24-0, 12 КО) WBA (Super) белбеуі иегерінің қарсыласы атану үшін жекпе-жек өткізеді. 

"Шынымен, бұл рас ақпарат. Менің келесі кездесуім Джон Вераға қарсы өтеді. Біз келісімшарттың негізгі бөлігін келісіп те қойдық. Мен өз қарсыласымда жақсы білемін. Онымен кездесуге дайынмын. Маған мұндай мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын", - деді Соро. 

21 қарашада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) резолюция шығарған еді. Ол бойынша, Вера мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) суперчемпион Лараға міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізу туралы бір ай ішінде келісу керек болатын.

WBA тағайындаған мерзім өтіп кетті, дегенмен, ұйымның ресми шешімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтарда Vesti.kz америкалық боксшының командасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап, бұл жекпе-жектен қазақстандықтың бас тартуына байланысты болмайтынын хабарлаған.

30 жастағы Соро чемпиондық атақ үшін екі жекпе-жекте жеңілген болатын. 2012 жылы Киевте ол WBO және IBO белбеулеріне ие ресейлік Заурбек Байсангуровтан төрешілердің ортақ шешімімен жеңілген. Былтыр шілдеде Соро Францияның Эвиан қаласында тағы да төрешілердің шешімімен WBA ұйымының regular чемпионы аргентиналық Брайан Кастаньоға (14-0, 10 КО) есе жіберді.

2017 жылдың басында Соро АҚШ-қа барып, Абель Санчеспен жаттыға бастаған. Калифорниядағы Big Bear лагерінде Санчес орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, бірінші ауыр салмақтағы IBF чемпионы ресейлік Мурат Гасиев сияқты боксшыларды жаттықтырады. Соро 2015 жылы да Санчеспен жаттыққан, алайда, ол кезде онымен ринг бұрышында басқа бапкер болған еді.

Қанат Ислам болса жуық арада екі кездесу өткізетіні туралы айтып еді. Оның бірі наурыз айында АҚШ-та өтсе, екіншісі Қазақстанда өтеді.








Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар