Бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері
Мигель Котто (41-5, 33 КО) 2 желтоқсан кні Нью-Йорк (АҚШ) қаласында өз карьерасындағы соңғы кездесуінде 29 жастағы америкалық боксшы
Садам Алимен (25-1, 14 КО) кездеседі.
Бұл туралы BoxingScene.com порталына Коттаның менеджері,
Golden Boy Promotions промоутерлі компаниясының президенті
Эрик Гомес айтты. Оның айтуынша, Алимен қазір ауызша келісіп қойыпты. Бір аптаның ішінде келісімшарт құжат жүзінде жасалады.
Сондай-ақ Гомес қазіргі уақытта бірінші орта салмақта қандай да бір белбеуге ие болып отырған боксшылардың бірде-бірі Коттомен кездесуге келісім бермегенін айтты.
Садам Али де Котто секілді Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшарты бар. Америкалық боксшы өткен жылы бокс тұрған WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізіп, америкалық Джесси Варгастан жеңіліп қалды.
Еске салайық, алдағы кездесу Коттоның карьерасындағы соңғы жекпе-жек болмақ. Котто кәсіпқой бокста 41 кездесу өткізіп, 5 рет жеңілген. Ол 2004 жылы бірінші жартылай орта салмақтағы WBO, 2006-2009 жылдары жартылай орта салмақта WBA, 2014-2015 жылдары орта салмақта WBC белбеуін, және қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері.
Жарнама