Мигель Коттоның карьерасындағы соңғы жекпе-жек қашан өтетіні анықталды
Бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО) спорттық карьерасындағы соңғы кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды.
«Қазіргі уақытта біз Коттоның қарсыласын анықтап жатырмыз. Мигельдің қарсыласы болуы мүмкін деген үш-төрт боксшы бар. Сол боксшылардың ішінен таңдаймыз. Ал кездесу 2 желтоқсан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді. Келер аптада Котто бапкері Фредди Роучпен жаттығу жұмыстарын бастайды», — дейді BoxingScene порталына берген сұхбатында Golden Boy Promotion промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес.
Айта кетейік, 37 жастағы Котто кәсіпқой бокста 46 кездесу өткізіп, 5 рет жеңіліс тапқан. Соңғы рет пуэрторикалық боксшы шаршы алаңға 2017 жылдың 26 тамызында Калифорнияның Карсон қаласында жапон жігіті Йошихиро Камегаимен кездесіп, бірінші орта салмақтағы WBO белбеуін жеңіп алды.

Жарнама