Профи-бокс
4 тамыз 2017 18:03
 
Мигель Котто Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Мигель Котто Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Мигель Котто пуэрторикалық  боксшылар және Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегі жайлы не ойлайтынын айтты.

«Акоста, Мачадо, Вердехо секілді пуэрторикалық мықты жас боксшылар буыны өсіп келеді. Біздің ел ешқашан дарынды боксшылардан кенде болған емес.

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы жекпе-жекке келер болсам, бұл кездесу жайлы пікір білдіргім келмейді. Олар өздерінің жекпе-жегіне дайындалсын, ал мен өзімнің кездесуімді ойлайын», — деп келтіреді Коттоның сөзін ToFight сайты.

Күні кеше пуэрторикалық былғары қолғап шебері Мигель Котто  26 тамыз күні жапон боксшысы Йосихиро Камегаиға қарсы жекпе-жегінен соң мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, пуэрторикалық 36 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіліс тапқан.

Жарнама

Живи спортом!