Мейвезер шаршы алаңға қайта оралады. Қарсыласы да белгілі

©Reuters

44 жастағы танымал америкалық боксшы Флойд Мейвезер шаршы алаңға қайта оралады, деп жазады vRINGe.com порталы. Боксшы 20 ақпан күні Дубай (БАӘ) қаласындағы Burj Al Arab ғимаратының тікұшақ қонатын жерінде кездесу өткізетінін айтты. 

Мейвезер қарсыластың нақты кім болатыны белгісіз екенін мәлімдеді. Бірақ қарсыласы жергілікті YouTube жұлдызы және актер Money Kicks болуы мүмкін. 

Money Kicks (немесе Рашед Белхаса) 2002 жылы Дубайда дүниеге келген. YouTube блогтарында ол көбіне өзі туралы айтады. Тарқатып айтқса, қымбат киімдерін, үйлерін, байлығын және автокөліктерін көрсетеді. 

Оның Instagram және YouTube желісінде екі миллиондай оқырманы бар. Ол кроссовкилерді жинауды ұнатады. Қазіргі уақытта Белхасада екі миллион доллар тұратын кросовкилердің жиынтығы бар. 

Мейвезер соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылы шығып, ютуб жұлдызы Логан Полмен жұдырықтасты. Бірақ ол кездесудің жеңімпазы анықталмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар