Ұлыбританиялық бокс шолушысы Гарет Дэйвис америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық файтер Конор МакГрегор туралы тың инсайдпен бөлісті. Оның ақпараты бойынша, кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы мен UFC ұйымының екі салмақтағы чемпионы арасындағы екінші кездесу жыл соңына дейін болады, деп жазады vRINGe.com порталы.
Бұл спортшылар бірінші рет 2017 жылы Лас-Вегас (АҚШ) қаласында кездесті. Ол айқаста Мейвезер оныншы раундта жеңіске жеткен болатын. Аталған кездесуде ұйымдастырушылар қыруар ақша тапты. Бір ақылы трансляцияның өзінен 4,3 миллион доллар түскен.
"Мейвезер мен МакГрегор екінші рет кездеседі. Биыл. Менің сөзімді жаттап алыңыздар. Дереккөзімді жарияламаймын. Кездесу туралы көп әңгіме болуда. Жуырда ресми хабарланады. Конор қазір ірі әрі жарақат ала береді. Сол үшін оған UFC ұйымында өнер көрсету қауіпті. Осыған қарап, ол келесі кездесуін Мейвезермен өткізеді деуге болады", - дейді дереккөз.