Мейвезер мен МакГрегор екінші мәрте кездесу өткізуге келісті
Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC ұйымында екі салмақта чемпионы болған ирландиялық файтер Конор МакГрегор екінші мәрте кездесу өткізуге жақын. Бұл туралы The Sun хабарлады.
Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC ұйымында екі салмақта чемпионы болған ирландиялық файтер Конор МакГрегор екінші мәрте кездесу өткізуге жақын. Бұл туралы The Sun хабарлады.
Мейвезерге жақын дереккөздің ақпараты бойынша, екі спортшы жеке шарттары туралы келісімге келіпті. Бірақ айқастың қанша раунд болатынына әлі келісе алмаған. МакГрегор он раундтық жекпе-жек болғанын қалап отыр.
"Конор кездесуге Мейвезер өзінің кәсіпқой бокстағы рекордтын бәске тіксе ғана келіседі. Сондықтан кездесу ресми болады. Жекпе-жек 70,3 келі салмақта өтеді. Қазірше бізге белгілісі осы.
Флойд соңғы рет шаршы алаңға шығады. Сондықтан мұны жіберіп алуға болмайды. Келіссөздер аяқталуға жақын. Екі тарап та жеке шарттарын келісіп қойды. Бұл Мейвезердің соңғы шоуы болады. Иә, Флойд өзінің рекордын бәске қояды.
Флойд бұл айқастан кейін Мейвезердің дәуірі аяқталатынын, Джервонта Дэвистің кезеңі басталатынын біліп тұр. Ол өз карьерасындағы ең үлкен айқас болатынын біледі. Сонымен қатар, Мейвезер жанкүйерлерге ерекше бір дүниеге дайын болуын да айтты. Бүгінгі таңда тек кездесудің қанша раунд болатынын шешу керек. Конордың командасы 10 раунд болғанын қалап отыр. Жуырда келіссөз аяқталады", - деді дереккөз.
Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы бокс ережесі бойынша өтіп, америкалық оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Жарнама